Шымкент қаласында тұрғыны біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Қуанышты жаңалықты «Отбасы Банк» Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті.

Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы «Отбасы Банктегі» аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады. Салымшымыздың айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алды және несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады», – деді ол.Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы «Отбасы Банктен» алуды ұйғарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!