Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Жастар жаһандану жолында» тақырыбындағы «Ассамблея жастары» ұйымының қорытынды кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Уәлихан Ибраев, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық ҚХА «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері, Қызылорда қаласының жоғары оқу орындарының және колледждерінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесудің модераторы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Абай қазынасына саяхат» клубының жетекшісі Елена Пак болды. Алғы сөзі облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Уәлихан Ибраев айтты.

«Мемлекет басшысы бекіткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін тарта отырып, жастар ортасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша «Ассамблея жастары» РҚБ жастар қозғалысын дамыту тапсырмасы берілді.

Бұл дегеніміз республикалық деңгейде Ассамблея жастарының қызметіне ерекше мән беру және оны жүзеге асыратын жастар үшін үлкен жауапкершілік», – деді У. Ибраев.

Жиын барысында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің төрайымы Елизавета Есмаева, «Ассамблея жастары» ұйымының белсендісі, жас кәсіпкер Дильшат Ибрагимов, облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының белсендісі Айдана Еділбекқызы сөз сөйледі. Одан кейін қатысушылар жастар пікір білдіріп, ұсыныс айтты.
Мазмұнды кездесуде Сыр өңірінің жастар саясатына, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімнің сақталуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Іс-шара «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділерінің орындауында «Бірлігіміз жарасқан» әнімен қорытындылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!