Қиындық көрсең сен егер,

Өмірден безіп кетпегін.

Айналып өтем демеңдер,

Құрылған еңбек өткелін

Еңбектен бақыт іздеңдер,

Қиындықтарға берілмей.

Шығар шыңды көздеңдер,

Шаршамай, талмай, ерінбей.

Керегі тек, сол бір еңбек,

Сынаққа, шыңға шыдардай.

Ақырын аңда, сен тек,

Еңбектен үнің шығардай

Киелі кілтті қолыңа,

Бұйыртса, тәңір ұстарсың.

Еңбектен қарай бағыңа

Бақыттың алтын тұтқасын

Еңбегің кетпес далаға

Еңбек еткен балаға

Тілеймін саған шын, бақыт

Бақыттың кілті қолыңда.

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Бірлік ауылы

№102 орта мектебі

Қани Орынкүл

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!