Алматылық Dears үшін қуанышты хабар! Димаш Құдайберген оңтүстік астанада концерт береді. Ән кеші 23 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Димаштың өзі хабарлады. 

«2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді.

Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сатудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!» – деп бөлісті ол. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2017 жылы Нұр-Сұлтанда “Арнау” атты концерт берген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!