Әдеттегідей, елімізде мамыр айында үш мемлекеттік мереке атап өтіледі: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні. Солардың арқасында қазақстандықтар жалпы саны 11 күн демалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қазақстандықтар:

бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан: 29, 30 сәуір (сенбі, жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі);
алты күн жұмыс істейтіндер екі күн: 30 сәуір (жексенбі) және 1 мамыр (дүйсенбі) демалады.
Одан кейін Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні:

бес күн жұмыс істейтіндер төрт күн қатарынан демалады: 6, 7, 8, 9 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
алты күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан демалады: 7, 8 және 9 мамыр (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Сурет: Zakon.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!