Адамзат жыл өткен сайын қателігін елеп-ескеріп, өткеннен нәтиже шығарып, әрқашан даму үдерісінде жүреді. Бұл прогресстің орын алуы ең алдымен сана бостандығы мен руханиятқа тікелей байланысты. Мәдениет, мораль, руханият секілді құндылықтар логиканың көмегінен тыс жан тыныштығын сыйлап, сыни тұрғыдан ойлануға, жаңа креативті идеяның туындауына үлкен сеп. Руханиятқа нақты объективті пайым беру мүмкін емес. Себебі әркімнің түсінігі бұл сұраққа әртүрлі жауап береді. Кейбірі әдебиетті құп көруі мүмкін, бірі театр мен кинофильмдердің берері мол деп санайды.

   Әдебиет – жанды емдейтін шипа. Әлемді танып, тұлға болып қалыптасуға көмектеседі. Күйбең тірлік пен қарбалас өмірден шаршаған жұртшылық тыныштық іздейді. Бұл жағдайда әдеби прозалар жақсылық пен жамандықты, адалдық мен арамдықты, өтірік пен шындықты ажыратып, көркем дүниелерді бойға сіңіруге ықпал етеді.

   Ал, театр, өнер мен әдебиеттің қосындысы. Кез-келген спектакльді тамашалау арқылы кейіпкерді психологиялық жағынан танып, шынайылықты аңғарамыз. Театрдың драма жанрынан өмірдің ащы шындығын аңғарып, адалдыққа куә боламыз. Комедия өмірге деген оптимистікті қайтарып, позитив шақырады. Оған канадалық режиссёр Р.Лепаждың “Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады” деген сөзі айғақ. Қазір адамдар әлеуметтік желідегі дүниені руханиятқа балайды. Дегенмен оған шектен тыс байлану дұрыс емес. Рухани бай болу үшін қолмен ұстап, кітап оқып, театрға барғаннан артығы жоқ.

   Аружан ӘШІРБЕК

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!