«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай ұйымдастырылып жатқан айлықтың шеңберінде және «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекелеріне арналған «Атамекен» балалар ауылы мен «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.


Жеткіншектер өз суреттерінде, есірткісіз өмір сүру деген сұраққа жауап беруге тырысып, суреттерін салуға өте тиянақты қарады. Қойылған сұраққа көптеген жауаптар алынды, шығармашылық көрме экспозициясы 28 балалар жұмысынан құрылды. Барлық жас суретшілер сыйлықтар мен алғыс хаттар алды.
Байқауды өткізуге «Қызылорда еріктілері» және «Спорттық туризм және туристік көпсайыс жастар федерациясы «қоғамдық бірлестіктері тартылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!