Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысы өзінің құттықтау сөзін Twitter-дегі ресми парақшасында жариялады.

“Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазды президент.

Қазақстанда медицина қызметкері күні маусым айының әр үшінші жексенбісінде атап өтілетінін айта кетейік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!