Қазіргі таңда аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау  мәселесінің маңызы зор. Оның негізгі  мақсаты – демографиялық үдерістегі жағымсыз тенденцияларды жою, халықтың құлдырап, азаюын болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуiн қамтамасыз ету.

      Осыған орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақстан жастар фракциясы»  қоғамдық қоры «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында    үстіміздегі жылдың маусым айында аймағымызда аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға байланысты психолог мамандардың қатысуымен төмендегі тренингтер жүргізілді.

  • «Отбасылық құндылықтар»  – Жалағаш ауданы
  • «Отбасылық мәдени қарым-қатынас» – Сырдария ауданы
  • «Демографиялық өсудің ел үшін маңызы» -Шиелі ауданы
  • «Бақытты отбасы құпиясы» – Жаңақорған ауданы

Іс-шара барысында қоғам және жеке адам деңгейiнде халықтың денсаулығы үшiн жауапкершiлiктi арттыру, демографиялық өзгерістің себептері, салдары мен мысалдары, халықтың саны және ұдайы өсуі сынды келелі мәселелерді талқылау, пікір алмасуды жүзеге асырылдыы. Тренингке көпбалалы аналар, жас отбасылар, ұстаздар мен жастар қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!