Облыстық «Ақмешіт жастары» газеті Бала­лар жылына орай 12-17 жас аралығындағы бі­лім алу­шы­лар арасында ертегілер байқауын жариялай­ды.
Байқаудың мақсаты: Балалар жылы қарсаңында мектеп оқушылары мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдау, аймақтағы балалар әдебиетін дамыту.

1.БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
    1.1. Байқауды «Ақмешіт жастары» газеті және облыстық білім басқармасы бірлесе ұйымдастырады.
    1.2. Байқау шығармалары газетке және әлеуметтік желіге тұрақты түрде жарияланады.
  2. Байқау шарттары мен тәртібі
    2.1. Байқауға 12-17 жас аралығындағы облыстағы білім алушылар қатыса алады.
    2.2. Жіберілген материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.
    2.3. Қатысушылардың материалдарын қабылдау 2022 жылдың 30 наурыздан басталып, 20 мамырға дейін жалға­сады.
  3. Материалдар басылымның aqmeshit_zhastary.kz
    @mail.ru электрондық поштасына қабылданады. Тел: 40-11-10; +77784020511
  4. Байқау материалдарына қойылатын талаптар:
    3.1. Байқауға газет-журналға, сайттарға бұрын жариялан­баған жұмыстар қабылданады. Интернеттен, кітаптан және бұқаралық ақпарат құралдарының мәтіндерін пайдалануға, плагиатқа жол берілмейді.
    3.2. Бірлескен авторлыққа жол берілмейді (ертегіні бір оқушы жазуы тиіс).
    3.3. Жұмыс мәтіндік редактордың Word түрінде жазылу керек. Қарпі – Times New Roman, өлшемі 14, жол аралығы – 1, парақ енімен тегістеу. Жұмыстың көлемі А-4 форматының 2 бетінен аспау керек (титулды қоспағанда). Жұмыстың титулдық бетінде келесі ақпаратты қысқартусыз көрсету қажет: автордың аты-жөні, білім беру ұйымының толық атауы, конкурстық жұмыс атауы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!