Nur Otan партиясы Шиелі аудандық филиалы жанындағы “Жастар” БПҰ-ның кезектен тыс XXXI конференциясына делегаттарды сайлау жиыны өтті. Жиынға БПҰ мүшелері Zoom платформасы арқылы қатысты.

БПҰ төрағасы Біржан Бақтыбайұлы 7 шілдеде өтетін Nur Otan партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына делегаттарды сайлау қажет екенін айтты. БПҰ-ның төрағасы Б.Өтебаев бастауыш партия ұйымының мүшелері Азамат Ғаниұлын және Біржан Бақтыбайұлын делегаттыққа ұсынды. БПҰ мүшелері бір ауыздан қолдап дауыс берді. Аталған азаматтар партияның кезектен тыс конференциясына делегат болып сайланды.