Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында 28-30 маусым күндері NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған семинар-тренинг өтті.

Білікті маман, «Қазақстанның жастар қызметкерлері» қауымдастығының төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев «Жастар санатын қалай анықтаймыз? NEET санатындағы жастарды белсенді ортаға қайта қалай бейімдейміз?» деген сауалдарды қамтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренинг үш күнге жоспарланып, Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен өңіріміздегі барлық аудандар мен ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары мен ЖРО қызметкерлері (120-ға жуық мамандар) қатысты. Тренинг барысында қатысушылар спикерлермен кері байланыс жасап, тәжірибе алмасты.

Семинар-тренинг соңында Нұрлыбай Наурызбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, арнайы сертификаттарды табыстады.

Аталмыш шаралар «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында өткізілді.

Облыстық жастар
ресурстық орталығы