Мәдениет – ұлттың мәйегі. Осы бір сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұратындай. Биыл  облыс мәдениетінде де жемісті жетістіктер, толағай табыстар көп. Елордада өткен “Алтын домбыра” айтысында Мейірбек Сұлтанхан алтын домбыра иеленсе, Шымкент қаласында өткен республикалық жастар айтысында айтыскер ақын, жыршы Бексұлтан Орынбасаров «Күміс домбыраны» жеңіп, республикада Сыр елінің айтыс өнеріндегі мәртебесі арттырды. Сөз барымтасынан сүрінбей өткен қос ақын осылайша Сыр елін алтынмен аптап, күміс қаптады десек артық айтпағанымыз. Мәдениетке деген лайықты қолдаудың арқасында

жыраулық дәстүр өкілдерінің басын қосатын  Жыраулар үйі ашылып, бүгінде өңірдегі жыр мектептері мен жыршы-жыраулардың жыр кештері, шеберлік сағаттары, дастан орындаушылардың байқаулары ұйымдастырылуда. Сыр сүлейлерінің мұраларын зерттеу бағытында Жыраулар үйіне қосымша 3 штат бөлінді. Мәдениет саласындағы маңызды жұмыстарды  облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.

Мәдениет саласында жетістіктер мол

– 2024 жылы Қызылорда қаласында 1000 орындық Өнер орталығы мен Қазалы ауданы Кәукей ауылдық клубының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 3 ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары басталды. Қармақшы, Шиелі, Жалағаш аудандарындағы Руханият орталықтары пайдалануға беріліп, осы орталыққа көшірілген аудандық кітапхана, музей, архив мекемелерінің материалдық техникалық базасы жаңартылды.Бұл орталықтарда ұлттық құндылықтар дәріптеліп, салт-дәстүрлеріміз насихатталып, мәдениет ұйымдарына келушілер саны артуда. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Мемлекет басшысының «Адал азамат» Тұжырымдамасы аясында республикада алғашқы болып облыстағы 172 мәдениет үйлері мен клубтарда 7 бағыт бойынша «Адал адам – мәдени-тәрбие  орталығы»жобасы іске асырылуда. Өткізілген ауқымды іс-шараларды баяндасам. Руханият жылы аясында Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған «Әділ сөздің алдаспаны»атты Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы арасындағы республикалық командалық айтысы өткізіліп, сыр ақындары сыннан сүрінбей келесі кезеңге өтті. Сыр өңірі мәдениетін аймақтың бас қалаларында насихаттау мақсатында 2024 жылдың қыркүйек Алматы қаласының туған күніне орай Алматыдағы Қызылорда облысының Өнер күндері өткізілді.

Мәдениет саласында жетістіктер мол

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қызылорда облысы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына және  Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Кітап және қаламгер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция, Қызылорда қаласы мен Арал ауданында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына арналған еске алу шаралары,  композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің,   «Шапағат» медалінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Рамазан Таймановтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған І республикалық «Сыр Ана» атты  әншілер конкурсы өткізілді, – деді Мира Жомартқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!