Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысында ұйымдастырылған «ЖасSTAR» ІІІ республикалық музыкалық өнер байқау-фестивалінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенті  Әділет Сапанов жүлделі І орынды иеленді.

Аймақ намысын қорғаған Әділет таланттардың басын қосқан байқауда  топ жарудың оңай емес екенін айтады.

‒ Байқауға жетекшім Мырзағали Толыбековпен бірге дайындалдым. Сол үшін күніге 4-5 сағат уақытымды дайындыққа арнадым. Бірақ байқау басталар алдында менде қобалжу болды. Себебі жарысқа 35 домбырашы, 35 қобызшы, 12 баяншы, 4 басиат шертер прималар қатысты. Барлығы да үздік, аспапта өте жақсы ойнайды. Ең бірінші болып сахнаға мен шықтым. Байқаудан шыққандағы сезім басқаша болды. Ал жеңіс маған үлкен дайындықтың арқасында келді. Сол үшін ұстазыма үлкен рақмет айтамын, ‒ дейді ол.

Айта кетейік, өнер фестиваліне жас талант домбыра номинациясы бойынша қатысып, “Күзгі əуен” жəне “Тарантелла” шығармаларын ойнаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!