Күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырған кеншілер қаласындағы оқиға отандық киноиндустрияны дамытып жүрген актриса Жұлдыз Әбдукәрімованы да бей-жай қалдырмады. Өнер иесі еліне көңіл айтып, Instagram парақшасына жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағандыдағы апатқа байланысты өнер адамдары да сантүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі жауапты компанияны кінәласа, екіншісі “ажал айтып келмейді, жазмыш” деп өздерін жұбатуда. 

“Қарағанды тағы қара жамылды! Жазда ғана болған аппаттан қалай сабақ алмадық?! Үндістандық миллиардерге төгіп-шашып беріп жатқан байлығымызға есеп жоқ. Ал қаза тапқан адамдардың отбасыларымен қалай есептеспекпіз?! Не айтпақпыз?! Осы сәтке дейін 32 адамның қаза тапқаны хабарланды. Қаншасы әлі жер астында қалды.

Президент “АрселорМиттал Теміртау” компаниясымен серіктестікті тоқтату жөнінде пәрмен берді. Дәл қазір апат басына шұғыл жетіп, мән-жайды анықтауға қатысып жатыр. Менің пікірім, бір жылда екі апатқа себепші болған, осынша адам шығыны үшін үндістандық компанияның халықаралық сотта жауап беруін талап ету қажет. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын,”– дейді актриса. 

Желі қолданушылары бірауыздан қолдап, тиісті компания жауапқа тартылу керек деп жарыса жазып жатыр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!