Әлеуметтік желіде түрлі қалаларды аралап, балаларды ұрлап кететін педофилдер тобы туралы фейк хабарлама таралып жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Бұл ақпарат Желіде 2012 жылдан бері таратылып келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның авторы – қылмыстық есептер қатты алаңдатқан, психикалық денсаулығы нашар адам.

Содан бері педофилдер тобы туралы ақпарат Ресей мен Қазақстан тұрғындарын алаңдатуда. Мысалы, 2016 жылы бұл топ туралы ақпарат Алматыда жоққа шығарылды. 2018 жылы ҚР ІІМ педофилдер туралы ескерту фейк екенін растады. 

2018 жылы күзде қылмыскерлер туралы жалған бағдар беру жайлы Factcheck.kz қазақстандық порталы жазған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!