Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйым­дас­тыруымен «Ақмешіт» колледжінде суици­дал­ды мінез-құлықтың алдын алу және тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қа­ғи­датын қалыптастыру мақсатында І-ІІ курс сту­дент­терімен сала мамандары  кездесті.

Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін жастар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуда. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемаға байланып қалу – осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді.

Кездесуге ювиналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Әлия Ерназарова және облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Болатбек Айтбенбетов қатысып, білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шара қорытындысында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!