Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірахман Бәйтіковтің шаңырағына барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Қарт жауынгер 1942 жылы Курск шайқасында болып, жойқын соғыстың сұмдық көрінісіне куә болады. 1943 жылы қолынан жараланып, елге оралған. Содан бері отбасын құрып, жарымен бірге алты ұл, төрт қыз тәрбиелеп өсірді.

Ардагер бүгінде көлеңкесін кеңге жайған мәуелі жеміс ағашындай ұрпағының ортасында отыр.

Мекеме қызметкерлері 98 жасқа келген абыз ақсақалдан рухани жан азығын алып, ардагердің батасын алды. Өз кезегінде соғыс ардагері де сала қызметкерлеріне алғысын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!