Тоқты
Әрбір істе сізді сәттілік күтіп тұр, тек өзіңіз білмейтін іске араласпаңыз. Өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз. Өзіңізге деген шектен тыс сенімділіктің салдарынан қиындықтар туындауы мүмкін. Мүмкіндік болса, уақытты үйде өткізген жөн. Соның арқасында шығармашылық әлеуетіңіз артады.

Торпақ
Жеке басыңызды ғана ойлап, өз ісіңбен ғана айналыспауға тырысыңыз. Жақын­дарыңыз бен достарыңызбен араласу үшін де уақыт қалдырыңыз. Сіздің немғұрайлығыңыздан қиналатын жандарды бір сәт ойлаңыз.

Егіздер
Дұшпаныңыз сізді аяқтан шалуға тырысқанмен өзі ыңғайсыз жағдайға қалуы мүмкін. Ал сіз өш алуға тырыспаңыз, сонда өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, абыройыңызды арттырасыз. Кәсіби салада өзгерістер болуы мүмкін.

Шаян
Күйгелектік пен жабырқаулы көңіл-күйіңізді ес­кер­месек, денсаулығыңыз жақсы деуге болады. Денсау­лығыңызды қалай нығайту керегін ойлаңыз. Аптада өзгерістер болып, жаңа адамдармен танысуыңыз мүм­кін. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, жағымсыз адамдардан іргеңізді аулақ ұстаңыз.

Арыстан
Сізді сәттілік күтіп тұр, тек күшіңізді дұрыс бағалап, серіктесіңіздің мүмкіндіктерін де ескеріңіз. Өзіңізге тым сенімді не сенімсіз болсаңыз, қиындықтар туындауы мүмкін. Жұлдыздар бос уақытты үйден тыс жерде, театрда немесе достарыңыздың үйінде өткізуге кеңес береді.

Бикеш
Таныстықтар мен шығармашылық кездесулер үшін қолайлы сәт. Сізді, көзқа­растарыңызды қолдайтын адаммен сөйлесуге тырысыңыз. Соның нәтиже­сінде шығармашылық әлеуетіңіз артады.

Таразы
Зерігу, қанағатсыздық, ашушаңдық сынды сезім пайда болуы мүмкін. Ұрыс пен жанжалдар да орын алуы ғажап емес. Бойыңыздағы қырсықтық, менмендік, екіжүзділік сынды жағымсыз қасиеттерге көңіл бөліп, олардан арылуға тырысыңыз.

Мерген
Қаржылық операциялар үшін қолайлы уақыт. Мәмілеге келіп, басшылықтың көңілінен шықсаңыз табыс табасыз. Жаңа серіктестер пайда болуы мүмкін. Ішкі еркіндіктен арылмауға талпынысыңыз кез келген ісіңізді жоққа шығаруы мүмкін. Түйсігіңізге құлақ асыңыз, ол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Сарышаян
Маңызды шаруаларды апта аяғына қалдырыңыз, сонда тепетеңдік орнап, бәрі оң шешіледі. Аптада жаттығу жасаған пайдалы. Жұлдыздар таза ауада серуендеуге, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға кеңес береді.

Тауешкі
Жаңа таныстықтар орнатып, шығармашылық кездесулер мен ойдағыны жүзеге асыру үшін таптырмайтын сәт. Қысқа уақытқа болса да қаржылық жағдайыңыз жақсарып, ісіңіз ілгері басады.

Суқұйғыш
Махаббат, кешірім аптасы басталды. Ғиба­датханаға барған жөн. Өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, кешірім сұраңыз, сізді ренжіткен адамды кешіріңіз. Аптада қиындықтарға қатты мән бермеуге кеңес береді жұлдызшылар.

Балық
Жақындардың кеңесіне құлақ асқан жөн. Мүлік сатып алу үшін қолайсыз сәт. Адам көп жиналатын шараға, сауықкешке бармаңыз. Жазатайым жағдай болу ықтималдығы жоғары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!