Фото: tuapsevesti.ru

Эндокринолог Диляра Лебедева билеу, серуендеу және басқа да қызықты әрекеттер стрессті жеңуге көмектесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лебедеваның айтуынша, күйзелістің пайда болуына норадреналин, кортизол және адреналин гормондары себеп болады. Дегенмен, белсенді жұмыс кезінле бұлшықеттер оларды күйдіруі мүмкін. Сондықтан физикалық белсенділік стресспен күресудің тамаша тәсілі. 

Доктор Лебедева адамдарды билеуге, дауыстап ән айтуға, серуендеуге, достарымен үйде жаттығу жасауға шақырды. Эндокринологтың айтуынша, ағаш кесу, тазалау жұмыстары мен көгалдандыру стрессті жеңуге көмектеседі.

«Негізгі ереже – адамдардың мазасын алмау және негативпен толтырмау», – деп қорытындылады дәрігер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!