Lada басылымының мәліметінше, 30 қыркүйекте қазақстандық ер адам кросс-жүзуге қатысып, Испанияның Тарифа қаласынан Марокко жағалауына дейінгі 16,7 шақырымды 5 сағат 58 минутта жүріп өтті.

Бұған дейін Құрал Жоламан Ақтауда Каспий теңізінде жүзіп дайындалған.

«Гибралтардан өту оңай емес, бәрі де сәтті бола бермейді, екпінді жел, қатты толқын және салқын су бар. Құралдың қолынан келді, ол 740 жүзушінің ішінен Гибралтарды гидрокостюмсіз кесіп өткен бірінші қазақстандық болды.

Алда ұлым бүкіл әлемдік мұхиттарды бағындыруды жоспарлап отыр”, – деді экстремалды спортшының әкесі Толыбай Таласбаев.

Айта кетейік, Гибралтар бұғазы Атлант мұхитын Жерорта теңізімен байланыстырады.