Соңғы кездері Шаяндар өз жұмысына көңілі толмай жүр, сондықтан олар бір күні оны өзгерту туралы шешім қабылдаса, таң қалмаңыз.

Жұлдызнамашылар күздің соңғы айы ақшалы болатын шоқжұлдыз өкілдерінің атын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үздік алтылық тізіміне Суқұйғыш, Арыстан, Торпақ, Таразы, Шаян және Тауешкі сияқты белгілер енген.

Суқұйғыш

Бұл рейтингте қараша айында жылжымайтын мүлік мәселелеріне ден қойған Суқұйғыш өкілдері көш бастайды.

Бәлкім, басқа жаққа көшуді ойластырып, үйіңізді сатуыңыз мүмкін. Барлығын отбасылық жағдай, балалардың шаруасы анықтайды. Сіз олардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайсыз.

Арыстан

Қараша айында Арыстанның өзінің және туған-туыстарының кәсіби және қаржылық саласында өзгерістер орын алады.

Сізді тиімді ұсыныстар күтіп тұр немесе қызметте жоғарлайсыз. Осыдан соң, әрине айлығыңыз айтарлықтай өседі. Мүмкін, туыстарыңыздың бірі сізге өз бизнесін табыстағысы келетін шығар. 23 қарашада жаңа Ай туған кезде көп табысқа кеңелесіз. Бұл — сіздің, мүмкін тіпті көпжылдық күш-жігеріңіздің нәтижесі.

Торпақ

Үшінші орынға Торпақ жайғасқан. 23 қарашада Күн тұтылғанда оларға өкіртіп ақша табатын уақыт келеді.
Сондай-ақ туған-туыстарыңызға да, отбасы мүшелеріне де табыс ағылады. Мүмкін, олардың бірі өз бизнесін ашады немесе сіз ипотека алу туралы шешім қабылдайсыз. Тіпті болмаса, біреу сізге мұра қалдыруы мүмкін, сондықтан барлық қажетті құжаттарды рәсімдеп, әуре-сарсаңға түсуіңіз ықтимал.

Таразы

Қарашадағы үш бақытты жұлдыздың бірі — Таразы. 8 қарашада Күн тұтылу кезінде олар несиені жабу немесе керісінше несиені рәсімдеу сияқты маңызды мәселелерді шеше алады.

Сондай-ақ, сіз мұра аласыз немесе аяқ-астынан, күтпеген жерден ақша келеді. Мысалы, сізге қаржылық жағынан біреу көмектеседі немесе әлдеқашан берген қарызыңызды қайтарады. Мемлекеттік құрылым да сізге төлемдер аударуы мүмкін. Осыдан кейін сіз жылжымайтын мүлік, мәселен пәтер, жер телімін сатып алуды жоспарлай бастайсыз.

Шаян

Соңғы кездері Шаяндар өз жұмысына көңілі толмай жүр, сондықтан олар бір күні оны өзгерту туралы шешім қабылдаса, таң қалмаңыз. Бұл — өте заңды.

Тіпті, өзіңізге жұмыс істей аласыз, мысалы фрилансер болып дегендей. 23 қарашада Ай туатын кез жақындағанда қаржылық жағынан үлкен секіріс жасайсыз. Халықаралық жобаға қатысып, шетелдік серіктестерді табуға бұл таптырмас тамаша ай. Бұл жағдай 2023 жылдың көктеміне дейін сізді айтарлықтай пайдамен қамсыздандырады. Сонымен қатар, жұбайыңыздың немесе жақын туыстарыңыздың бірінің кәсіби қызметінде өзгерістер болуы мүмкін.

Тауешкі

Рейтингтің көшбасындағылардың тағы бірі — Тауешкі. Олар үшін қараша айында ақша мен жеке жинақ ерекше маңызға ие болады.

Сіз материалдық жағынан дамуға қол жеткізіп, өз-өзіңізге дән риза боласыз. Мүмкін сіз жеке бизнесіңізді ашатын шығарсыз немесе өте жақсы пайда әкелетін перспективалы жобамен айналысасыз. Сонымен қатар, белгілі бір компания, беделді ұжым сізді қызметке шақыруы ықтимал. 8 қарашаға қарай нақты нәтижелерге қол жеткізіп, әмияныңызды қампайтасыз. Тіпті болмаса, шетелден шот ашу немесе халықаралық құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!