Бүгінде адамзат ақпаратсыз күн көре алмайды. Барлығымыз ақпаратқа, рухани азыққа зәруміз. Сондықтан газеттің адам өмірінде алар орны ерекше. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген мағыналы сөз айтқаны бекер емес.

Соңғы уақытта қоғамда «газетті ешкім оқымайды» деген пікір қалыптасқаны жасырын емес. Осы тұста оқырмандарға айтарым, ІІ ғасырдан бері жарыққа шыққан «The Times» секілді басылымдар осы уақытқа дейін неге жабылып қалмады?! Керісінше Ұлыбританияда бұл басылымның беделі жыл санап артуда. Дамыған елдер керісінше, халықты газет оқуға шақырып, түрлі шаралар ұйымдастыруда. Газет ашқысы келетіндерге де қолдау жоғары. Біздің өңірдің де басылымдарының берері көп. Түрлі сала мамандарының қызметін айшықтап, жетістігімен жігерлендіруде. Көштен қалмас үшін, рухани байлығымызда арттыруда облыс басылымдарының халыққа берері мол.

Айнұр Сейітқасымова,

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы,

анықтау бөлімінің аға анықтаушысы,

полиция майоры

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!