Қызылордада ҚМДБ-ның «Зекет» қорының ұйымдастыруымен 5 баспананың кілті мұқтаж жандарға табысталды.«Ел үлесі – пәтерге» игі шарасына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. Бұл жолы 325, 326, 327, 328 және 329-баспана иелеріне кілт табысталып отыр.«Біз қайырым жолын, мейірім бағытын ұстанамыз. Мұқтаждың мұңын бөлісу барысында ел имамдарының еңбегі зор. Аллаға шүкір, бүгін осындай шарапаты мол шарада тұрмыз. Баспана қиындығын көрген жандарды қуантқан баршаңызға алғысым шексіз. Үйлеріңіз құтты болсын!» – деді бас мүфти.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!