Бүгін №217 орта мектебінде жауынгер – интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алу шарасы өтті. Атаулы күнде мектеп ұжымы осы оқу орнына ер есімі берілген жауынгерге құрмет көрсетті.
Салтанатты рәсімге ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері, «Застава тарландары» РҚБ өкілдері, Ауған соғысының ардагерлері мен мектеп ұжымы қатысты. Іс-шара Ауған соғысы ардагерлерінің барлығын еске алу үшін бір минут үнсіздіктен бастау алып, Б.Шалғынбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен жалғасын тапты.
Батыржан Шалғынбаев Қызылорда қаласының тумасы. Ол Отан алдындағы борышын Панфилов шекара отрядында өткерген. Қызметін өз еркімен Ауған жеріне интернационалдық міндетін өтеумен жалғастырған. Майдан алаңында содырлардың қолына түсіп, құпия ақпараттарды демінің соңына дейін бермей жанқиярлықпен қаза болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!