Аймақтың мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік істерді қарау жұмысын бастады. Бүгінде 136 әкімшілік іс қаралып, 49-ына шешім шығарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева мәлімдеді.

«Қазіргі таңда, әкімшілік істер жаңа принциптермен қаралады. Сондай-ақ, соттың заңды күшіне енген сот актілері, соттар мен судьялардың тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары, басқа да жолданымдары барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдар, барлық тұлғалар үшін міндетті. Сот шешімдерінің орындаулы соттың ұдайы бақылауында болады. Жауапкер соттың шешімін, татуласу рәсімдерін жүргізу нәтижесінде жасалған келсімдерді бекіту туралы ұйғарымды орындамаса, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал екінші рет қайталанса тағы да шаралар көріледі», – деді Гүлжан Жалғасбайқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!