Тоқты

Алға қойған мақсатты қолға алатын уа­қыт келді. Аптадағы әрбір әрекетіңіз өнім­ді болады. Махаббат, шығармашылық, қаржы сізге қиындық келтірмейді. Ойға алған жос­парыңыз іске аспай, бір орында тұралап қал­ғандай көріне бастайды. Алайда бұл туралы көп ойлап, уайымдамаңыз. Себебі бәрі аз уақыт ішінде реттеледі.

Торпақ

Аптада әріптестермен жанжалдасып, қар­жылық қиындықтарға душар болуыңыз мүм­кін. Алайда келер апта бәрі реттеледі. Қиын­дықтан шығып, табысқа қол жеткізу үшін өз бағытыңыздан танбау керек. Жұлдыздар ақшаны ұқыпты ұстауға кеңес береді. Себебі қалтаңызға оңай түскен ақшаны сол күйінде желге ұшыруыңыз ғажап емес. Алайда бұл сараңдыққа жол беріп, қатты үнемдеу керек дегенді аңғартпайды. Керісінше, ақшаны өз рахатыңыз үшін дұрыс жұмсауды үйреніңіз.

Егіз

Аптада жақсылықтар болғалы тұр. Сонымен бірге қызықты ұсыныс түседі. Мәселен, білікті­лік арттыру курстары немесе ұзақ уақытқа жоспарланған жоба. Мұндай ұсыныстан бас тартпаған жөн. Осы уақытқа дейін жасаған жұ­мы­сыңыз өз жемісін береді. Сондықтан қо­рық­пай, жаңа жобаны қолға алыңыз. Алайда асы­ғыстық танытпаңыз, бәрі өз уақытында болады.

Шаян

Аптада жаңа қарым-қатынас бастап қана қоймай, ескісін де реттей аласыз. Жағымды жағдай мен өзгеріс орын алғалы тұр. Барлығына да дайын болыңыз. Дегенмен сізде айтарлықтай қиындықтар болмайды. Бұл апта демалып, ем алуға таптырмас уақыт. Сондықтан кезекті еңбек демалысыңызды осы уақытқа жоспарласаңыз өкінбейсіз.

Арыстан

Үнемі қиын жағдайдан шығудың жолын іздейсіз. Сонымен бірге аптада көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Осы айда жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайт орын алуы мүмкін. Қаржы саласында сәттілік болады. Үлкен табысқа ке­не­лесіз. Алайда берілген мүмкіндіктің өзі жоспарды жүзеге асырудан анағұрлым маңызды.

Бикеш

Алдыңыздан көптеген сынақ шығуы мүмкін. Алайда бұл сіздің күштілігіңіз бен төзімділігіңізді тексеруге жақсы мүмкіндік. Егер сынақтан сү­рінбей өтсеңіз, әрі қарай үлкен жетістікке жетесіз. Жұлдыздар асығыстық танытпауға және өзгелердің сізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді. Егер әлдекімнің өзіңізге қысым жасағанын сезсеңіз, бірден бұл әрекеттің тамырына балта шабуға тырысыңыз.

Таразы

Қаржы саласында, жалпы, кез келген жа­рыс­та жеңіске жетесіз. Кәсіп бастағысы кел­ген­дерге сәттілік серік болады. Алайда істі дос­тарыңызбен бірге бастамаған жөн. Жаңа бе­лестерді бағын­дыратын уақыт жетті. Өзіңізді өз­ге қырынан көр­сетіңіз. Бұл апта жетістіктерге же­тетін кезең. Мұның бәрі – бұған дейін қолға ал­ған істің жемісі. Жеке өміріңізде маңызды кездесулер орын алады.

Сарышаян

Өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Өмірлік серігін іздегендер жанына жақын адамын табады. Жұмыста басшылықтың жөн­сіз шағымына мән бермеуге тырысып, діттеген мақсатыңызға жетер жолда табандылық та­ны­ту керегін естен шығармаған жөн. Қаржы мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.

Мерген

Көп ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасасаңыз, жұмыстың нәтижесін көре аласыз. Апта соңында қабылдаған шешімнің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізесіз. Биікке же­туді де, төменге құлдырауды да бастан өтке­руіңіз мүмкін.  Апта соңында күтпеген ұсыныс жасалуы мүмкін. Десе де жұлдыздар ауыр міндетті жауапкершілікке алмауға кеңес береді. Қандай да бір  шешім қабылдамас бұрын ата-анаңызбен ақылдасқаныңыз жөн.

Тауешкі

Өмірді қайта бастауға құлшыныс арттып, өмір қызығын сезінесіз. Махаббатта жолыңыз болады. Діттеген мақсатқа жету үшін бұл апта таптырмас уақыт. Жолыңыз болып, көп нәрсеге оңай қол жеткізесіз. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Суқұйғыш

Апта жетістікке жетуге сәтті уақыт. Сондай-ақ өміріңізде келеңсіздіктер бол­майды. Жақсы жұмысқа орналасып, жаңа баспанаға көшу мүмкіндігі туады. Кәсіп бастау, маңызды келісімдер жасау немесе ауқымды іскерлік кездесу өткізу септігін тигізеді.  Отбасын құруды немесе сәбилі бо­лу­ды жоспарлап жүрсеңіз, оны келесі айдың еншісіне қалдырған жөн.

Балық

Ешқашан асығыстық жасамаңыз. Алайда шұғыл шешімді қажет ететін жағдайда жылдам әрі қарқынды түрде әрекетке кірісіңіз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Өміріңізде болып жатқан жағдайды жеделдетуге тырыспаңыз. Қиын сәттердің өзінде озбырлық пен ашуға бой алдырмаған жөн. Тік мінезіңізді шетке ысы­рып, кей жағдайда икемділік, кейбірінде қулық танытуға тура келеді.