Торпақ

Сиыр алдында мақсаты бар, бастамашыл, көшбасшы адамдарды жақсы көреді. Сол себепті жыл иесі торпақ белгісіндегілермен жақсы одақтаса алады. Осындай мүмкіндікті жібермей, ойға алған жоспарды іске асыруда тайсалмау қажет. Бұдан бөлек қоныс аудару, жылжымайтын мүлік сатып алу, құрылыс жұмыстары мен интерьерді жаңарту үшін тамаша жыл болады. Ал екінші жарты жылдықта жеке өмірде жағымды жаңалықтар болып, жұмыста жетістіктер күтіп тұр. Тек жалақы үшін емес, өз мақсатыңызға қол жеткізу үшін еңбек етіңіз. Сиыр жылы берекелі болады.

Махаббат

Махаббат мәселесінде тұрақтылық күтеді. Жеке өмірде тосын жағымсыз жайт орын алмайды. Керісінше, бұл жыл отбасылы адамдар үшін ең қолайлы жыл болмақ. Ал әлі де  махаббатын кезіктермегендер жартысын тауып, отау құрады. Жүрегіңнің жартысын екінші жартыжылдықта іздеген дұрыс Отбасы, ошақ қасындағы жандармен бейбіт қарым-қатынас орнайды. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ету үшін құжаттарды шілде айында рәсімдеген дұрыс. Ескі мүліктерді сатуға шешім қабылдаған болсаңыз, әрекет етуге шілде айы қолайлы. Бірақ бұл мәселе отбасында үлкен дау тудыруы мүмкін. Өзге жандардың да пікіріне құлақ асыңыз.

Денсаулық

Биылғы жаңа таныстық, оқиғалар әсерінен дәрігерге баруға уақыт таппауыңыз мүмкін. Ұйқыны қандырып, жүйке жүйеңізді сақтаңыз. Жыл ортасына қарай ағзаңыз әлсірейді. Сондықтан бар жұмысты ысырып, осы бастан денсаулыққа мұқият болыңыз. Бас көтермей жұмыс істеуіңіз табыс әкелгенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізетінін естен шығармаңыз. Шаршаған уақытта жұмыстан, не оқудан бас ала тұрып, серуендеген абзал.

Қаржы

2021 жыл бір қалыпты өтеді. Тыныштығымен есте қалатын алғашқы жарты жылдықта жаңа жобалар бастауға ыңғайлы сәт туады. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесі де шешімін табады. Жақын жандардан мотивация күтпеңіз. Тек өзіңізді шабыттандырып, пайдаға кенелесіз. Ол үшін жаныңызға жақын кәсіпті қолға алу маңызды. Осы белгінің өкілдері отбасымен және достарымен көп уақыт өткізуі керек. Себебі, астрологтар көктемде  басшылық тарапынан түсініспеушілік болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ кейбір шағын түсініспеушіліктерге қарамастан, бизнесте табысқа жетеді.

Аударған Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!