Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар үйінде» Қармақшы ауданының белсенді жастармен онлайн форматта кездесу өтті.
Оған Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Б.Оразалиев қатысып, әлеуметтік желі арқылы қатысушыларға пробация қызметінің мақсаты мен міндеті, негізгі бағыты мен құзіретті және оның өкілеттіктері жөнінде түсіндірме жасап, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотты болған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету және оларды бақылап, қадағалау мақсатында мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі жөнінде сөз етті.
Оған қоса, өткен жылы пробация қызметімен атқарылған жұмыстарға тоқталып, пробация есебінде тұрған азаматтарға көрсетілген көмектер бойынша кеңінен түсіндірді.
Кездесуге қатысушылар пробация қызметі бойынша өздеріне қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға кең көлемде жауап алды.
Кездесудің негізгі мақсаты жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД