Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгілеп, Жолдау да айтылған барлық басымдықтар  қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бəсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер екендігін атап өтті. Сондай-ақ басым міндеттердің қатарында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жəне құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтардың құқықтарын қорғаудың жəне олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін  ерекше назар аударды. 

Президент  Қ.Тоқаев: «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік бермесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық  үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл шын мәнісінде, «әділ мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтар мүлігіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесі негізгі рөл атқарады. Бұл салаға реформа аса қажет. Заң  үстемдігінің  маңызды өлшемі – бейтара және әділ сот төрелігі. Сот жарыспалы, ал судья айыптаудан тарапынан бос болуы керек. Ол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет. Қоғамның соттарға деген сенімін нығайту басым мақсат болуға тиіс. Оған мемлекет пен судьялар корпусының бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болады. Судьяларды іріктеу қандай кандидаттар қандай еңбегі үшін жұмысқа қабылданғанын білуі үшін жұртшылық білу үшін БАҚ-та жариялануы тиіс. 

Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін де дамыту қажет, бұл мемлекеттің қатысуынсыз ымыраға келуге мүмкіндік береді. Мұндай институттар дамыған елдерде өзін жақсы көрсетті. Міне, осы тың талаптар тұрғысынан табылу үшін судьялар қауымы да барлық күш жігерлерін жұмылдыруы керек. Сонда халықтың сотқа деген сенімін барынша  арттыра  түсеріміз  даусыз», –  екендігі  айтылды.

         Сонымен қатар Мемлекет басшысы  Жолдауда «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» екенін атап өтті. Соттар заманауи технологиялармен қарқынды жабдықталып, қол жеткізген жетістіктерде көп. Бүгінде сот жүйесін сандық жүйеге көшіру, сот процестеріне қашықтықтан  қатысу, ІТ  құралдарды  кеңінен  қолдану  күн  тәртібінен  түскен  емес.

Қауіпті  індетке қарамастан сот жұмысы тежелмей, ІТ-сервистерді қолдану арқылы сапалы жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда талап арыздар электронды форматта қабылданып, сот отырыстарының түрлі бағдарлама көмегімен қашықтан үздіксіз өткізілуде. Шын мәнінде  сандық технологиялар сот қызметінің сапасын жақсартып, халықтың  сот  төрелігіне  деген  қолжетімділігін  қамтамасыз  етуді  көздейді.

Жаңа электронды технологияларды енгізу сот арқылы қорғалуға қолжетімділік елеулі  түрде  жеңілдетіліп, оңтайландырылды. Қазіргі  кезде талап-арыздар да, сотқа келіп жатқан істер  электронды  түрде қабылданып, «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіліп  жатыр. Сотқа жүгінуші  азаматтар  бұрынғыдай  сот  табалдырығын  тоздырмай, кез келген өзіңе ыңғайлы уақытта интернет жүйесі арқылы өздерінің істерінің қандай сатыға  келгенін, қарау  тәртібін, іс  бойынша жүргізілген дыбыс-бейне жазбамен танысуға  мүмкіндіктері  бар.

Бүгінгі күні сот залдары толықтай жазба құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы  процесте туындайтын даулы мәселелерді шешуге, істің мән-жайын дұрыс анықтауға, тараптарды тәртіпті сақтауға шақыруға көп көмегін тигізуде. Ақпараттық технологияларды  енгізу судьялардың  және  сот  отырысы хатшыларының  жұмысын көп жеңілдетті. Сот  жүйесінің азаматтар үшін ашықтығы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар қазір «Sмаrt сот» жүйесі белсенді қолданылуда. Азаматтар сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, «True Conf» бағдарламасын қондыра отырып, өз смартфонымен виртуалды  түрде  сот  отырысына  қатыса  алады.

Сот  жүйесін  цифрландыруды одан әрі жалғастыру аса маңызды, ол сот төрелігін жүзеге асыруды  жеңілдете  түседі. Нақтырақ  айтқанда, бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Еліміздің халқы  үшін  сот  жүйесінің  ашықтығы  мен  қолжетімділігіне  жетуге  мүмкіндік  береді. 

Жүсіпбекова Мадина Каштайқызы,

Қызылорда қаласының №2 сотының

кеңсе меңгерушісі