Фото: AP Photo / Khalil Hamra

Sputnik. Палестиналық ХАМАС қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Иран астанасы Тегерандағы резиденциясына жасалған соққыдан қаза тапты. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесіне сілтеме жасаған Mehr агенттігі жазды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Палестиналық ХАМАС қарсыласу қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Тегеранда қаза тапты», – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша,атыс кезінде Ханияның бір оққағары да қаза тапқан.

Бүгін түнде Израиль Ливанның оңтүстігіндегі Бейрутке зымырандық шабуыл жасады. Соққыдан «Хезболланың» жоғары шенді қолбасшысы Фуад Шукр қаза тапты, деп хабарлайды Sky News Arabia.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хания Тегеранға Иранның жаңа президенті Масуд Пезешкианның ант беру рәсіміне барған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!