Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

«Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.

Еске сала кетейік, Әлібек Қалбай Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылып, сол жерде қайтыс болды.

Президент әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!