8 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтерілсе, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде +32…+34 градусқа дейін ысиды. Батыс өңірлерде және солтүстіктің жекелеген аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін,деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, жел екпіндейді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Петропавлда күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +34…+36°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Оралда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
