10 маусымда Қазақстанның солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ал елдің шығысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +26…+28°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +27…+29°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Атырауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазғанда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Қызылордада жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Петропавлда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.

Семейде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +33…+35°C.

Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.

Таразда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +32…+34°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!