Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі. Кей аймақтарда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түркістан облысында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Осындай ауа райы Ақтөбе облысында да болжанып отыр. Ақтөбе қаласында күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай болжанса, Ақтауда түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл мен дауыл күтіледі. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Қонаевта желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы қаласында Іле Алатауы аумағында күннің екінші жартысында жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар өңірде күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35–38 градусқа дейін көтеріледі. Талдықорғанда күндіз +35 градус ыстық болады.

Абай облысында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Семейде +35 градус ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Өскеменде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі. Павлодар қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Қарағандыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Орал қаласында да күндіз жаңбыр жауады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Желдің екпіні кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таразда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ және қатты жел күтіледі. Петропавлда күндіз бұршақ жауып, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!