Америкалық Remitly компаниясының 2026 жылғы Immigration Index рейтингі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші орын алды. Әлемнің 82 елі қамтылған рейтингте Қазақстан 53-орынға жайғасты.

Салыстыру үшін:

  • Молдова — 56-орын
  • Әзербайжан — 66-орын
  • Армения — 74-орын
  • Өзбекстан — 75-орын

Ресей, Беларусь, Украина және Қырғызстан рейтингке енгізілмеген.

Елдер 34 маңызды көрсеткіш бойынша бағаланған: қауіпсіздік, өмір сүру құны, тұрғын үйдің қолжетімділігі, денсаулық сақтау мен білім беру сапасы, сондай-ақ өмір сүрудің жалпы жайлылығы.

Сарапшылар Қазақстанның жоғары қауіпсіздік деңгейін және өмір сүруге қолайлы жағдайларын ерекше атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!