Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетімен екі апта бойы бірлескен онлайн сабақ жүргізілді.
Онлайн сабақты ZOOM платформасында «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары Жазира Айлауова мен Жадыра Дәрібаева ұйымдастырып, оқу үдерісіне екі университеттен 60 студент қатысты.
Сабақта екі жақты бекітілген силлабус бойынша “Traditions and customs”, “Youth interests”, “Holidays”, “Beliefs and superstitions”, “Manners” тақырыптары қамтылды. Екі апта бойы қос университеттің студенттері әлеуметтік желі арқылы топ құрып, өзара пікір алмасты.
Бұл сабақтар шетелге шықпай-ақ, интернационаландыру жүйесін жүзеге асыруға болатынын және студенттердің лингомәдени, мәдени, кросс-мәдени құзыреттіліктерін дамытуға болатындығын дәлелдеді.
Айта кету керек, бірлескен оқу үдерісі АР14872046 «Жоғары білім беруді интернационалдандыру негізінде білім алушылардың лингвомәдени құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес жүргізілді.
Алдағы уақытта «үйдегі интернационаландыру» жүйесі негізінде Газиосманпаша (Түркия) және Гонконг педагогикалық университеттерімен (ҚХР) бірлескен онлайн сабақтарды жүргізу жоспарлануда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!