Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзін «той әншісі» деп атайтындарға жауап берді. Өнер иесі: «Халтурщик», «Той әншісі» дейді. Маған ұнайды бұл. Мен тойға шықпайтын әншілерді аяймын. Байғұстар… Талай әншіден естідім, группада жүрген жігіттер де бар, айлықтары 150 мың теңге екен. Әншісің бе, елдің ортасында жүр.

500 адамға той берсе, 500 адамға қызмет жаса. Сен — әншісің. Тойдан арланатын жігіттер бар. Өздері шетелде оқиды. Соларға еліктейді. Ал мен тойдан арланбамын. Құдайға шүкір, тойдың арқасында жағдайымды жасап отырмын, халықтан бата алып отырмын. Той деген қазақтың қазынасы. Сол қазынаның ішінде жүрмін. Той маған ұнайды. Айтса, айта берсін. Кезінде тойға шықпаймыз, тек сахна деген жігіттерді қазір сыртынан көріп жүрмін тойдан. «И, жаным, келіпсің ғой. Қош келдің», — деп қоямын. Ұстаздарымның жолымен, қазақи бағытта келе жатқаныма ырзамын. Тойда қызмет етіп, берген ақшасын кейде алып, кейде гонорарыма шығып жүргеніме, шүкір», — деді.


Мәлімет көзі: jasqazaq.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!