5571 әскери бөлімінің сарбаздары ҚР Парламентінің Мәжілісі және Алматы қаласының мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5571-әскери бөлімінде орналасқан № 107 сайлау учаскесінде сап түзеген сарбаздар дауыс беруді таңғы сағат 06:00-де бастады.

– Бүгін ерекше күн. Себебі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде дауыс беру құқығымды пайдаланып тұрмын»,- деді қатардағы жауынгер Ричард Зайенчковский. Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатыр. Солардың бірі, 6 ай бұрын әскерге шақырылған Аман Ермахан. «Мен Астана қаласынан шақырылдым. Өмірімде бірінші рет дауыс бердім. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан өз таңдауымды жасадым, – дейді сарбаз Аман Ермахан.

Әскери бөлімде сайлау өткізуге барлық жағдай жасалған. Сайлау жәшіктері мен 7 дауыс беруге арналған кабина бар. «Біздің сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Біздің мақсат- Қазақстанның дамауына, өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

«Алыптың қуаты халықта, халықтың қуаты бірлікте», демекші саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен қатысып жатырмыз. Сарбаздардың көңіл күйі өте жақсы», – дейді 5571-әскери бөлімінің командирі Бақдаулет Оралұлы.

Алматы сайлау комиссиясының мәліметінше, мегаполистегі 7 әскери бөлімде дауыс беру сағат алтыда басталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!