1 сәуір – Күлкі күні. Осы датаға орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар МКҚК директоры Эльмира Қанатбаева «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының шығармашылық жұмысы туралы айтты. 

«Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы 34 жыл бұрын көркемөнерпаздардан құралған. Осы жыл аралығында үзбей халыққа өз өнерін көрсетіп жүр. Отыз жылдығы үлкен масштабта атап өтіліп, республикалық деңгейде байқау өткізілді.  Сондай-ақ, «Мереке-Думан» әзіл-сықақ отауы жылына екі концерттік бағдарлама дайындап, халыққа ұсынады. Көркемөнерпаздардан құрылған бұл отау кәсіби театрлардан кем емес», – деді Эльмира Қожасқызы. 

«Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Мейрамбек Нұртаза жоспарлы концерт Рамазан айынан кейін болатынын айтты.

«Биыл Рамазан айына байланысты 1 сәуірде қойылатын концертті 22 сәуірге ауыстырдық. Дегенмен, 1 сәуір күні Мереке-Думан әзіл-сықақ отауының жаңа интермедиясы халыққа әлеуметтік желі арқылы жол тартады. Айта кететін жайт, 22 сәуірде өтетін кештегі басты интермедиямыз «Кореядағы қазақтар» жобасы. Бұған қоса, жуырда Шиелі ауданында болатын дәстүрлі әзіл-сықақ байқауына дайындығымыз қызу жүріп жатыр. Жеңіспен оралатынымызға кәміл сенемін», – деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Мейрамбек Нұртаза.

«Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Берік Балтабаев әзілдері шығармашыл топ өздері жазатытын жеткізді.

«1 сәуір елімізде көңілді күн болып саналады. Біздің әзіл-сықақ отауының бір ерекшелігі ойнайтын әзіліміздің бәрін өзіміз жазамыз. Әрқашан қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуге тырысамыз. «Күлкі – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім» демекші, ортамыз әрдайым қуанышқа тола берсін», – деді «Мереке-Думан» халықтық әзіл-сықақ отауының әртісі Берік Балтабаев.

338861350_3401992446795287_1502632649739620082_n.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!