Тәуелсіз елім бар,
Батырлар қорғаған.
Кең байтақ жерім бар,
Ұрпаққа қалдырған.
Намысты пір еткен,
Данышпан ағалар,
Елдікті Ту еткен.

Қайырмасы:
Сарбаздар, тұрыңдар,
Шалқыған далаң бар
Халқыңа бұйырған,
Жеріңді қорғаңдар!
Мәңгілік елің бар,
Байлықтың бәрі бар.
Сақадай болыңдар,
Отанды қорғаңдар!

Қарулы күшім бар,
Жастардан құралған.
Қаһарман ұл-қыздар,
Батыр боп жаралған.
Біздің ел осындай,
Көп ұлтпен толасқан.
Шаттанып айтардай,
Баршамен сыйласқан.

Қайырмасы:
Көк байрақ туымыз,
Еліме жарасқан.
Сәулесі нұр шашып,
Аспанмен таласқан!
Қазақтай халқымды
Жер шары танысын.
Жастардың күшімен,
Әлемге танылсын!

Авторлары:
Ерімбет ЖЕҢСІКБАЕВ, Ерік БАЗЫЛ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!