Рыскелді Жахман,
журналист:

– Бұған дейін «Тек Наурыз мейрамында ұлттық киімдеріміз киіліп, ұлттық ойындарымыз ойналады» деген пікір бар еді. Бірақ, бүгінгі күні қазақы шапандар, ұлттық ою-өрнектерімізбен безендірілген киімдер, футболкалар брендке шықты. Шыны керек, ұлттық спортымыздың да бойына қан жүгіріп келе жатыр деп айта аламын. Бір ғана мысал, Қызылорда облысында тоғызқұмалақ спорты жақсы жолға қойылған. Әр жылдары ҚР командалық және жекелей чемпионаты, ҚР кубогы, ҚР жастар чемпионаты, ҚР жасөспірімдер чемпионаты, Суперлига, Азия чемпионаты, ҚР президент жүлдесі, т.б. турнирлер, жарыстар тұрақты түрде өтіп тұрады. Тіпті, осыған дейін тоғызқұмалақтан 6 рет әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Олар – 2010 жылы Астана қаласы (Қазақстан), 2012 жылы Пардубице (Чехия), 2015 жылы Алматы (Қазақстан), 2017 жылы Астана (Қазақстан), 2019 жылы Анталия (Түркия), 2022 жылы Ақтөбе (Қазақстан). Мұның өзі тоғызқұмалақтың әлемдік аренаға әлдеқашан таралғанын көрсетеді. Осы тақта үстіндегі барлық тартысты ойынға қазақстандық, қызылордалық спортшылар қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!