Бекжан Қараман,
жас көкпаршы:

– Қазір ұлттық спортқа, өнерге деген көзқарас жаңаша. Біз, жастар болып, оны дамытуды қолға алуымыз керек. Қазір біз, Қоғалыкөл жастары көкпар ойынын дәстүрлі түрде ойнап келеміз. Ауыл жастарының мақсаты мен мүддесін бір арнаға тоғыстыру, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаудың бір тетігі бұл. Қазіргі таңда ауыл жастарынан команда құрап, сыртта болатын додаларға қатысуға дайындалып жүрміз. Облыс бойынша ұлттық спортқа кеңінен көңіл бөлініп отыр. Біз қазір тек наурыз айында ғана емес, жыл он екі ай көкпар тартамыз. Жылқылардың жай-күйіне қарап, күн ысыған аптап ыстықтарда тоқтатамыз. Ал бірақ, басқа уақыттарда дәстүрді үзіп алмауға тырысамыз. Алдыңғы толқын ағалардың қолдауымен алда да бұл бағытта көп іс атқару ойымызда бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!