Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Жастар Одақтары” ҚБ-нің Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу Ақай елді мекеніндегі №279, №99 және №269, Төретам елді мекеніндегі №85 орта мектептерде ұйымдастырылды. Оған жас мамандар, ауылдық округ жастары, жұмыссыздар Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ө.Бижанов “Ұлт бірлігі – Қармақшы” ҚБ төрағасы Ш.Құндақбаев, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Қасымова және “Төретам жастары” ЖҚБ төрағасы Г.Маханова, аудандық Жастар денсаулық орталығының психологы Ә.Кетебаева және Қызылорда облысы дін істер басқармасының Қармақшы ауданы бойынша теолог маманы Ж.Ысқақов қатысты.

Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгіме қозғалып, жастардың ұсыныс, пікірлері тыңдалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!