Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері “Жастар орталығына” шақырылып, ғимараттың ішіне экскурсия жасады.

Экскурсия барысында тәрбиеленушілер орталықтың жұмысымен танысып, мамандармен пікір алмасты.

Шара барысында тәрбиеленушілерге 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ еткен қазақтың аңыз спортшысы Бекзат Саттархановтың өмірі сомдалатын «Бекзат» кино фильмін тамашалауға мүмкіндік туды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!