Тамылжыған тамыз тәмамдалып, күрең күз басталған шақта ел аумағы өртке оранды. Алдымен Қостанайдағы қызыл жалын тұрғындарды тығырыққа тіреді. 5 күн бойы өрт сөндірушілер айтып келмейтін апатпен арпалысып, өмірін қауіп-қатерге тікті. Дегенмен қызу қызмет үстінде 1 өрт сөндіруші тілсіз жаудың құрбаны болды. Қызметіне адал болған маманды мемлекет басшысы да ескеріп, ІІІ дәрежелі орденмен құрмет көрсетті. Қостанайдағы қауіп сейіле бастағанда Шығыс Қазақстан облысында да дабыл қағылды.
Ондағы жалын жалпы аумағы 6100 гектарды шарпыған. Желдің екпінінен ұлғайған өртке 19 техника мен 118 адам жұмылдырылса да қосымша көмек қажет екенін түсінген басшылық халықты өрттен сақтап қалу үшін, Ұлттық Ұланның 401 сарбазы мен 41 техникасын көмекке жіберді. Жедел шешім мен адал қызметтің арқасында Шығыстағы жағдай шиеленісе қоймады. Десек те өрт Қарағанды облысында да тұтанып, біршама тұрғындарды әбігерге салды. 3 облыстағы апаттан кейін өрт сөндірушілердің мәселесі айқын аңғарылды. Иә, қазір қауіп жоқ. Апат күйретіп кеткен жұртқа жаны ашып, жәрдем беруге ұмтылған тілекші халық қарасы күннен-күнге көбейді. Төтеннен келген апат ешкімді бей-жай қалдырмады. Қиын-қыстауда ел болып, бірге болғанымыз көпшілікті қуантты. Сонымен бұл саладағы мәсе­ле­ге зер салсақ.
Күн сайын табиғи апат салдарынан немесе қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмауынан туындайтын өртпен бетпе-бет келіп, тілсіз жаумен арпалысқа түсетін өрт сөндірушілердің жағдайы мәз емес. Қазір мамандығын жаны сүйіп тұрса да жұмыстан шығуға мәжбүр болатын өрт сөндірушілердің қатары көбейіп кеткен. Басты себеп – айлықтың аздығы мен баспана мәселесі. Статистиканы сабақтасақ, өрт сөндірушілердің жалақысы 95 мың теңгеден басталады. Жалақы жылдық еңбек өтіліне байналысты өседі. Ең жоғары жалақының өзі бір отбасын толық қамтамасыз етуге жетпейтін көрінеді. Жақында 2 мамандандырылған өрт бөлімінің қызметкері Еркебұлан Сәдуақасұлы өз еркімен жұмыстан кеткен. Себеп жалақы мәселесі.
– 2016 жылы Шымкент қаласындағы оқуымды тәмамдап, 2 мамандандырылған өрт бөліміне қызметке орналастым. 5 жыл қызметіме адал болып, қалтқысыз қызмет атқардым.Бұл қызметтегі үлкен маңыздылық пен басымдық – адам өмірін сақтап қалу. Бұл мамандыққа шексіз махаббатпен келдім. Мектеп кезінен бастап форма кигім келетін. Алғашында әскери қызметке баруды ойладым. Дегенмен еңбек жолым өрт сөндіру қызметкері болу болыпты. Көбі «өз өмірің үшін қорықпайсың ба?» деген сұрақты жиі қойды. Жұмыс барысында қорқыныш болып көрген жоқ. Өзің қорқып барсаң, басқаның өміріне қалай араша түсесің. Сондықтан артық эмоцияны ысырып, ештеңе ойламастан жұмысымды істейтінмін. Адамдардың алғысы, жылы көзқарасы қосымша күш беріп, жігерлендіре түседі. Өрт немесе басқа жағдай болған жерлерге керісінше өзім сұранып отыратынмын. Мұндағы мақсатым – өзім таңдаған мамандықтың бар қиыншылығы мен ыстық-суығын көру болды. Ең алғашқы жалақым 56 000 теңге болды. 6 ай машықтанушы болдым. 5 жылдың ішінде ең көп жалақым 95 000 теңге. Бір отбасыны асырамақ түгілі қу қарақан басымызға жетпейді. Пәтер жалдаймыз, киім кешегіміз және ас ауқатымыз бар. Өрт сөндірушілер бір күн жұмыс істеп, үш күн демалады. Демалыс күндері қосымша жұмыс істеуге болмайды. Бұл жемқорлық болып саналады. Өрт сөндіру қызметкерлерінің ең жоғары жалақысы еңбек өтілі 20 жылдан асқан азаматтық қорғау старшинасы шенімен бірінші класс тәлімгерлігі болса, 190-200 мың теңгені құрайды. Міне біздің саладағы жалақының мөлшері осындай. Амал жоқ жүрек қалауындағы қызмет болса да, күнкөрістің қамымен қызметтен кетуге тура келді, – дейді Еркебұлан Садуақасұлы.
Еркебұлан секілді жұмыстан өз еркімен кеткендердің саны күрт санап көбейген. Мысалы, бір ғана Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 77 өрт сөндіру қызметкері жұмысын тастап кетуге мәжбүр болған.
Иә, «өрт шыққанда құдық қазатынымыз» қынжылтады. Апат болса, проблема да шығатыны қалыпты жағдайға айналып бара ма? Өрт басталғалы осы саланың біраз мәселесі ашылып, көтеріле бастады. Президенттің пәрменімен төтенше жағдайдан кейін өрт сөндірушілердің жалақысы өсірілетін болды. Мардымсыз жалақыға қызмет атқарған өрт құтқарушылары енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мамандарының еңбекақысымен теңестіріледі.
Жалақы өссе де қызметке беттемейтіндер баршылық. Оған дәлел елордадғы статистика. Онда 1 698 штат болса, 1463 қызметкер ғана қызмет атқарады. Ал 235 орын өз мамандарын күтуде. Мұндай мәлімет өзге де облыстарда қайталануда. Бұл саладағы мәселенің ең негізгісі – өрт сөндірушілердің техникалық-материалдық жағдайы. Әсіресе өңірлердегі өрт сөндірушілердің хәлі мүшкіл. Техника не ескі, не жетпейді… Мұны қызмет атқарған Еркебұланның өзі растап отыр.
– Жалпы Қызылорданы есепке алмағанда республиканың өзінде техника тым көне. Қателеспесем, Қазақстанда 3 ғана өрт сөндіретін тікұшақ бар. Бұл тұтас мемлекетке өте аз. Біздің өңірде 1976 жылы шыққан техникалар әлі қызмет атқарады. Бүгін жүрсе, ертең өкінішке қарай істен шығады. Сондықтан базаны жаңарту керек. Ескі техникаларда судың қоры 2,5 тоннаны құрайды. Секундына 45 литр су шашатын болса, қор 3-ақ минутта таусылады. Сол себепті суды мол жинайтын қоры бар техникалар біздің салаға тапшы. Сондай-ақ қала аумағындағы пунктердің санын көбейту қажет. 400 мыңға жуық халқы бар облыс орталығына 6 пункт аздық етеді. Кемінде мұның саны 7-8 болу керек. КБИ мөлтек ауданы белсенді өрт аумағы болып есеп­теледі. Сол жақты жедел қамтасыз ету үшін арнайы бір пунктты іске қосу керек. Қазір қаланың аумағы кеңейді. Наурыз, Киров, Сабалақ секілді аймақтарға да бір пункт қарастыру керек, – дейді Еркебұлан.
Еркебұланның сөзін Наурыз елді мекенінің тұрғыны Рамазан Әбдіқадыров та қолдайды. Өйткені Тасбөгет кентінен өрт сөндірушілер келемін дегенше қызыл жалын өртенген аумақтың күл паршасын шығаратын көрінеді.
– Тасбөгет пен Наурыздың ара қашықтығы 12 шақырым. Техника ескі. Ырғатылып келемін дегенше жалынның қаупі күшейіп кетеді. Өткен жылы көршіміздің қорасынан өрт шығып құтқарушылар келемін дегенше мал қорасы күлге оранды. Сондай жағдай орын алмас үшін Наурыз, Махамбетов, Сабалақ елді мекендеріне арнайы бір пункт қарастыру керек, – дейді Рамазан Әбдіқадыров.
Иә, сынақ тосыннан келетіні ақиқат. Бірақ сынаққа сынбай дер кезінде төтеп беру үшін қам қарекетті де дұрыстау керек. Елдегі өрт сөндіру мамандарының керек-жарағын жаңартпасақ, Қостанайдағы жағдайға қайта тап болуымыз ғажап емес. Өйткені 2004 жылы Қостанайда биылғыдай қауіп-қатер орын алған. Үкімет үйіндегі “жағдайды реттейміз” деген уәде құр сөз болып қалмаса дейміз.

Е.

Е.ШӘРІБЕК

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!