№207 сайлау учаскесі С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде орналасқан. Сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, мұнда да дауыс берушілер қатары көп.

– Науқан біз күткендегіден жақсы өтуде. Тұрғындар жауапкершілікті сезініп келуде. Халықтың елдегі жағдайға бей-жай қарамауы бізді қуантады. Біздің учаскеге облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен өзге де қоғам белсенділері келіп өз таңдауларын жасады, – деді сайлау учаскесінің төрағасы Орынбай Қуанышбаев.

Айта кетейік, аталған учаскеге 2519 сайлаушы тіркелсе, оның 600-дейі дауыс беріп үлгерген. Сайлау учаскесі өз деңгейінде жабдықталған. Партиялардың атынан келген 10 байқаушы науқанның ашық және әділ өтуін жан-жақты бақылауда.

«СБ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!