Фото: ru.freepik.com

Massaget.kz. Кейде неліктен біртүрлі түс көргеніңізді түсінбей, ұйқыдан аң-таң болып оянатын кездер болады. Түстер жайлы әлі де толықтай зерттелмеген. Десе де, кең таралған түстерді және олардың нені білдіруі мүмкін екенін ұсынамыз.

1. Сізді біреу аңдып жүр

Көпшілік түсінде адамнан, жануардан немесе құбыжықтан қашып жүргенін көреді. Бізді біреу аңдып жүрген түстердің көпшілігі шынайы өмірдегі қандай да бір қысыммен немесе жылдам тапсыру керек жұмыстармен байланысты болуы мүмкін. Түсіңізде қандай сезімде болғаныңызға мән беріңіз. Егер сіз біреуден үрейленіп қашсаңыз, онда өмірде кезекті жұмысты тапсыру кезінде сондай сезімде болуыңыз мүмкін. Ал егер түсіңізде қашуыңыз адамзатты құтқаратын бірдеңені табу керегін ойлаумен немесе бірдеңені құтқаруға бел буумен байланысты болса, бұл сіздің үлгеру керек істеріңізге деген көзқарасыңыздың көрінісін білдіреді.

2. Сіз құлап барасыз

Көпшілік түс түсіндірмелері бойынша, құлауға қатысты түстер өмірімізде қандай да бір істің оңға баспай тұрғанын білдіреді. Бұл өз таңдауыңызды қайта ойлау немесе жұмыста басқа бағытты қарастыру керегін білдіруі мүмкін. Құлауға қатысты түстер шынайы өмірдегі қорқыныштың, мысалы, жұмыстағы немесе жеке өмірдегі сәтсіздіктің белгісі болуы мүмкін.

3. Тісіңіз түсіп қалды

Адамның түсінде тісінен айырылуының бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Бұл сіздің сыртқы келбетіңіз жайлы уайымыңызды көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ мұндай түс өзіңіздің басқалармен сөйлесу қабілетіңізді уайымдайтыныңызды білдіреді немесе ұялтатын бірдеңе айтып қалғаныңызды ойлағаннан болады.

4. Бірдеңе жоғалтып алып, соны таба алмай жүрсіз

Егер түсіңізде бағалы бірдеңені жоғалтып алсаңыз немесе бірдеңені іздеп, бірақ таба алмасаңыз, ол шынайы өмірде өзіңізді жеткілікті түрде маңызды және қажетті сезінбеуіңізді білдіруі мүмкін.

5. Сіз ұшып барасыз

Түсінде ұшып бара жатқанын да көпшілік көреді. Ұшу қызықты болуы мүмкін, бірақ ол биіктіктен қорқатындар үшін қорқынышты. Ұшуға қатысты түстерді екі түрлі түсіндіруге болады. Бір жағынан, ол еркіндікті білдіруі мүмкін. Ал екінші жағынан, ол адамның шынайы өмірден қашқысы келуін көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!