Біз қаламыздағы қарттарға белсенді өмір салтын ұстануға, оларға қолдау мен қамқорлық көрсетуге көмектескіміз келеді.

алып, сенсацияға айналған 61 жастағы мүмкіндігі шектеулі Чакер Смағұлов қатысады. Сондай-ақ, ашылуға қоғам қайраткері, «Аружанмен бой сергіту жаттығулары» спорттық бағдарламасының тұрақты жүргізушісі және «Мейірімділік» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Аружан Саин, бодибилдингтен Еуропа, Азия және Қазақстан әлем чемпионы, белгілі қоғам қайраткері және ірі спорттық іс-шаралардың идеялық шабыттандырушысы Уәлихан Тен қатысты.
 
«Қарттарды құрметтеу, бағалау өте маңызды. Сондықтан олардың уақыттарын пайдалы өткізуге көмектесу парызымыз. Біздің орталық қатысушыларымызға өмірден ләззат алуға және белсенді болуға көмектесетін түрлі іс – шаралар мен бағдарламаларды ұсынады», – деп толықтырды «Сенім» орталығының басқарушысы Гүлжан Нұртаева.
 
Ашылу аясында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті және қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.