Сондай-ақ достары мен құрбыларының сайлауға деп жинап берген қаржысын да Түркияға көмек ретінде жіберетінін жеткізді.

Түркияға көмек беруге алматылық көпбалалы аналар да өз үлесін қосуда, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы «Бақытты отбасы» орталығының және «Aq alem» аналар құқығын қорғау қоғамдық қорының басшысы Ақмарал Басирова мәлімдеді.

«Бүгін он шақты көпбалалы ана Түркияға жөнелту үшін 2000 құрақ көрпе және 2000 жамылғы көрпе тігуге білек сыбана кірісті.

Екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. Дүйсенбіге дейін тігіп бітіру керек.

Біз өзімізден 100 шақты көрпе қосамыз.

Дүйсенбіде жүк көлік Алматыдан шығады», – деп жазады ол.

Сондай-ақ достары мен құрбыларының сайлауға деп жинап берген қаржысын да Түркияға көмек ретінде жіберетінін жеткізді.

«Менің достарым мен құрбыларымның сайлауға деп жинап берген қаржысына 100 көрпе тігеміз. Маған шын көңілден ұсынған ақша  Түркиядағы қиналып жатқан бауырларымызға пайдасын тигізіп, жанын жылытсын! Алла разы болсын!» – деді Ақмарал Басирова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!